Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары

Бір сатылы тоңазытқыш машиналар суытылатын денені қоршаған ортаның температурасынан -300C дейін суытуға қолданылады. Қолданылатын тоңазытқыш затқа байланысты олар амиакты, фреонды немесе ауалы болып бөлінеді. Тоңазытқыш машиналардың схемасы мен айналмаларын қарастырумен бірге, айналманың жылулық есептелуін де қарастырамыз. Жылулық есептеу тоңазытқыш заттың кез-келген параметрлерін, жылу тоңазытқыш заттың мөлшерін, оның құрамын, айналмада жұмсалған жұмыс мөлшерін т.б. тоңазытқыш машинаны жобалауға қажет деректерді анықтауға мүмкіндік береді. Жылулық есептеу жылу алмастырғыш аппараттың жылу жүгін, сығымдағыштың негізгі параметрлерін анықтап, оларды іріктеп алуға немесе жобалауға мүмкіндік береді. Жылулық есептеуде тоңазытқыш затқа, онда болатын май қоспаларының әсерін, аппараттар мен құбырлардың кедергілерін есепке алмаймыз.

Кез-келген айналманы жылулық есептеу үшін мынадай алғашқы деректер керек.

- суық өнідірілімдігі;

- суытылатын дененің температурасы;

- қоршаған ортаның температурасы.

Осы алғашқы деректерге сүйене отырып, тоңазытқыш заттың қасиеттеріне, тоңазытқыш машинаның схемасына, оның жұмыс істеу режиміне және т.б. байланысты мына қосымша деректерді қабылдаймыз.

а) тоңазытқыш заттың қайнау температурасы (То).

Тікелей суытқанда тоңазытқыш заттың қайнау температурасы камерадағы ауаның температурасына байланысты қабылдайды.

Фреонды машиналар үшін фреонның қайнау температурасын камерадағы ауаның температурасынан (12÷15) °С төмен етіп алады.

(2.42)

Аммиакты машиналар үшін:

(2.43)

Камерадағы ауаның температурасы неғұрлым төмен болса, камерадағы ауа мен тоңазытқыш заттың қайнау температурасының айырымы соғұрлым аз қабылданады. Егер камерадағы ауа аралық суық тасымалдағыш арқылы суытылатын болса, тоңазытқыш заттың қайнау температурасы аралық суық тасымалдағыштың (4-6)°С төмен қабылданады.



(2.44)

Тоңазытқыш зат аммиак болса:

(2.45)

Тоңазытқыш зат фреон болса:

(2.46)

б) Тоңазытқыш заттың сұйылу температурасы (Тк). Тоңазытқыш заттың сұйылу температурасы қоршаған ортаның температурасына және суытатын судың немесе ауаның мөлшеріне байланысты болады. Егер шықтандырғыш сумен суытылса, тоңазытқыш заттың сұйылу температурасын шықтандырғыштан шыққан судың температурасынан (2-4)0С жоғары етіп алады:

(2.47)

(2.48)

мұндағы: Тw1- судың шықтандырғышға кіру кезіндегі температурасы; ΔTw= (2-8) °С – шықтандырғыштың құрылымына байланысты.

Егер шықтандырғыш ауамен суытылатын болса, фреонды машиналар үшін:

(2.50)

Аммиакты машиналар үшін:

(2.51)

Ауамен суытылатын шықтандырғышта ауа ΔTw = (5-6) °С градусқа жылыйды.

в) сығымдағыш сорып алатын тоңазытқыш зат буының Тс.а. температурасы.

Бір сатылы аммиакты қысатын сығымдағышта, екі сатылы аммиакты машинаның жоғарғы сатысының сығымдағышы алдындағы температура:

(2.52)

Екі сатылы аммиакты машинаның төменгі сатысының сығымдағыш алдындағы температурасы:

(2.53)

Регенеративті жылу алмастырғышы бар бір сатылы фреонды машина

(2.54)

г) дроссельдеу алдындағы сұйық тоңазытқыш заттың температурасы Тс.а. тең болсын.

Аммиакты машинада арнайы суытатын жылу алмастырғыш болмаса, сұйылу қысымындағы қаныққан сұйықтың температурасын қайнау температурасына тең деп қабылдайды. Фреонды машинада сұйық тоңазытқыш заттың дроссельдеу алдындағы температрасын регнеративті жылу алмастырғыштың жылу тепе-теңдігінен анықтайды.




1206926142602386.html
1206953709002481.html
    PR.RU™